Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бұл жігіт - айуан ғой". Нурмагомедовтың келесі қарсыласы аталды » Vesti.kz

"Бұл жігіт - айуан ғой". Нурмагомедовтың келесі қарсыласы аталды » Vesti.kz
UFC ұйымының бас комментаторы Джо Роган ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың (27-0) келесі қарсыласы кім болу керектігі туралы айтты. 

Оның сөзінше, ресейліктің келесі қарсыласы америкалық файтер Тони Фергюсон (24-3) болу керек. 

"Жо-жоқ, оны шетте қалдыра алмайды. UFC көзқарасы Тониге түзу. Дана Уайт Хабиб үшін келесі Фергюсон екенін айтқан. 

Петтисонмен перформанстан кейін... Бұларың қалай! Оған мүұмкіндік беретін уақыт келді. Фергюсон сұмдық жігіт. 

Тони 11 жекпе-жекте жеңілмей келеді. Ол Эдсон Барбозаны Д’Арсе әдісімен, Кевин Лиді үшбұрышқа алып тұншықтырды. Петтис, Ванната, Томсон, Дос Аньосты жықты. Бұл жігіт - айуан ғой. Оған лайықты деңгейде назар аударып жатқан жоқ", - деп келтіреді Роганның сөзін BJ Penn.

Фергюсон мен Нурмагомедов үш рет жұдырықтаспай қалған болатын. 2015 жылы желтоқсанда файтерлер The Ultimate Fighter 22 финалында кездесу керек болған, алайда, Хабиб жарақатына байланысты турнирді жалғастырмады. 2016 жылы сәуірде Фергюсонның өкпесінде ақау болды, ал 2017 жылы дағыстандық салмақ қууға байланысты аурухаған түсіп қалған еді.

Автор
Жандос