Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бұл – қазақты қорлау! Салтымызды мазаққа айналдыру!

Бұл – қазақты қорлау! Салтымызды мазаққа айналдыру!

Facebook  әлеуметтік желісінде көрер көзге қораш бір бейнежазба пайда болды  деп жазады  Kaznews.kz ақпараттық порталы.

Видеода әлдекімнің шілдехана ма, әлде бесіктой ма белгілі бір тойда түсірілгені анық көрініп тұр. Сәби бесігінің түбегіндегі шүмекшені «ұл керек пе, қыз керек пе?» деп бір әйел той қонақтарына ұсынып жүр. Алғашында түбектен ырымдап су ішіп жатыр екен десек, ең сорақысы да сол, «ұл керек, қыз керек» деген ырыммен той қонақтары шүмекпен арақты сіміріп жатыр екен. Мынадай масқара көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының ызасын тудырғаны сондай, видеоға байланысты жазылған пікірлер сәт сайын көбеюде. Қазақтың салтын арақпен былғап қана қоймай, сбидің әжетін өтейтін заттарды да мазаққа, қорлыққа тастаған бұл әйелдердің әрекеттері жұрттың ашуын тудыруда.

Видеоны мына сілтемеге кіріп көре аласыз.

https://www.facebook.com/groups/1789092668042635/posts/3101067203511835/

Автор
Данияр