Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бұл партия қоғамдағы түйткілдермен күресуді басты мақсат санайды – Рауан Кенжеханұлы

Бұл партия қоғамдағы түйткілдермен күресуді басты мақсат санайды – Рауан Кенжеханұлы
Ашық дереккөз

«Әділет» партиясының құрылтай съезінен кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына партияны құруға бастамашы топтың уәкілетті өкілі Рауан Кенжеханұлы жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Спикердің айтуынша, «Әділет» партиясы жаңа кезеңнің сұранысына жауап беретін саяси ұйым ретінде құрылып отыр.

– Бұл ұйым әділет қағидасы мен әділет құндылығын негізгі ұстаным етіп отыр. Бұған дейінгі тарихта әділеттілік мәселесі жеткілікті деңгейде көтерілмеген. Енді соның уақыты келді деп есептейміз. Біз өткенге сын айтпаймыз, әр кезеңнің өз міндеті мен басымдығы болды. Бір кезеңде тұрақтылық пен бірлік маңызды болса, бүгінгі күннің талабы – әділеттілік, – деді ол.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы жаңа партияның негізгі идеяларымен сабақтас.

– Жаңа Конституцияны талқылау және оны әзірлеу үдерісіне де қатыстық. Сол кезде «әділеттілік» идеясы бізге өте жақын болды. Біздің мақсатымыз – әділеттілікті тек ұран емес, әр азаматтың өмірінде нақты сезілетін қағидаға айналдыру. Әділетсіздікпен күресу – партияның негізгі бағыты, – деді Рауан Кенжеханұлы.

Сонымен қатар ол жаңа партияның өзге саяси ұйымдардан ерекшелігі мен саяси бәсекеге қатысты ұстанымына тоқталды.

– Саяси додаға келгеннен кейін кез келген партия заң аясындағы барлық мүмкіндікті пайдаланып, бәсекеге түседі. Әрбір саяси күш көрінуге, қолдау жинауға тырысады. Біз біреумен сайысуды мақсат етпейміз, біз еліміздің дамуына кедергі келтіретін мәселелермен күрескіміз келеді. Адамдарға немесе басқа саяси партияларға қарсы емеспіз. Түптеп келгенде бәріміз бір елдің азаматымыз, сондықтан елдің дамуы жолында бәсекелесуіміз керек, – деді ол.

Айтуынша, съезд қарсаңында мыңға жуық адам қатысқан арнайы жиын ұйымдастырылған. Онда әр өңір мен түрлі саладан келген мамандар пікір білдірген.

– Әр өңірден, әр кәсіпорыннан мамандар келді. Біз еңбек адамдарының пікірін тыңдап, әділет пен әділеттіліктің маңызы туралы сұрастырдық. Біз ешкімге оппозиция емеспіз, жау іздемейміз. Біздің алдымызда үлкен ортақ міндеттер бар, – деді партия өкілі.

Айта кетейік, «Әділет» партиясының құрылтай съезінде елдегі қоғамдық-саяси реформалар, әділет қағидатын нығайту және азаматтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.