KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Бұл – өзін емес, аналық жүрегін қорғау еді": Танымал кәсіпкер Мөлдір Мұқанға қолдау көрсетті (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Айсұлу есімді кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында продюсер Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіріп, өз пікірін ашық жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, желіде Мөлдірге қатысты айтылған ауыр сөздер шындыққа сәйкес келмейді, ал продюсер ешкімнен сүйінші сұрап, әдейі жарияға шықпаған.

"Мөлдір ешкімнен сүйінші сұрайын деп шыққан жоқ. Мен бұл жазбаны жазбай тұра алмадым… Себебі көпшілік Мөлдірді кінәлап, шындықты білмей жатыр. Мөлдір ешкімнен сүйінші сұрайын деп шыққан жоқ. Тұрсынбек ауырып қалған кезде, "Мөлдір тұштандап жас жігітпен ән айтып жүр", – деген сөздер тарап, оны өз балалары оқып, жүрегіне жара түспесін деп, ол шындықты айтуға мәжбүр болды. Бұл – хайп емес, ана жүрегінің айғайы еді. Мөлдір хайп ретінде жасаған жоқ, еркектермен әйелдерге бөлінсін деген жоқ. Ол: "5 балам жылағанша, жалғыз өзім жылайыншы…" – деп үнсіз келді. Жарақаты жазылып, жүрегі тынышталған соң ғана ол балаларын қорғау үшін сөз айтты. Бұл – өзін емес, аналық жүрегін қорғау еді", – деп жазды кәсіпкер.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары