KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Бүкіл қазақ қыздарын жек көріп кеттім": Өктем Алтаев ел естімеген шындығын жайып салды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Әнші әрі композитор Өктем Алтаев жастық шағындағы өкінішке толы махаббат оқиғасын бөлісіп, жан сырын ақтарды. Өнер иесі кеңінен танылған әндерінің бірі – дәл сол кезде ғашық болған аруға арналғанын "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп жазады turkystan.kz.

Өнерпаздың айтуынша, ол болашақ жарым деп сенген сүйіктісінің басқа жігіті бар екенін мүлде күтпеген жерден білген. Осы ауыр соққы оның шығармашылығына да әсер етіп, жүректен шыққан "Не жаздым, жаным, саған?" әні дүниеге келген.

"Бұл әнді шынымен де күйзеліске түскен кезде жаздым. Мен біреуді жақсы көрсем, бар жүрегіммен беріле сүйетін адаммын. Бір қызбен танысып, бар махаббатымды соған арнадым. Болашаққа жоспар құрдық. Сөйтсем, оның оқып жүрген жерінде жігіті бар екен. Маған оны айтпаған. Үйлену туралы сөйлесіп, арада сенім де қалыптасқан еді. Ер адам ғой, "үйленеміз, балаларымыз болады" деп болашақты елестетесің. Бірақ ол "болмайды" дегенде төбемнен су құйғандай сезіндім. Өмірге деген құлшыныс та, адамдарға деген сенім де жоғалды. Жеңгелерім қыз туралы сөз қозғап қалса, "айтпа" деп жиіркенетінмін. Бір қыздың кесірінен бүкіл қазақ қыздарын жек көріп кеткендей күй кештім. 1-2 жыл қатты күйзелісте жүрдім", – дейді әнші.

Өктем Алтаев бүгінде сол арудың өз бақытын тапқанын да жасырмады.

"Ол қыз бұл әннің өзіне арналғанын біледі. Құдайға шүкір, қазір бақытты. Тағдыр ғой… Әрине, сырттай байқап жүресің. Солай болды", – дейді композитор.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары