Спорт

Бүкіл карьерамда мұзға бұдан аз құлаппын". Мәнерлеп сырғанаушы Неймарды мазақ етті

KZNEWS KZNEWS
Бүкіл карьерамда мұзға бұдан аз құлаппын". Мәнерлеп сырғанаушы Неймарды мазақ етті
Ресейлік мәнерлер сырғанаушы Елизавета Туктамышева "Пари Сен-Жермен" форварды Неймарды Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі англиялық "Ливерпульмен" ойыннан кейін мазақ етті.

"ПСЖ - "Ливерпуль" матчін тамашаладым. Бүкіл карьерамда мұзға құлағаным Неймардың 90 минуттағысынан аз", - деп жазыпты Туктамышева твиттерде.

Париждіктер бұл ойында "Ливерпульді" 2:1 есебімен ұтты. Гол салғандар Бернат пен Неймар. Топтық кезең аяқталуға бір тур қалғанда ПСЖ топта екінші болды. "Ливерпульге" плей-офф кезеңіне шығу үшін "Наполиді" ұту қажет.

Ал "Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп ПСЖ-мен матчтегі төрелікке наразы.

"Кедергіге ұшырадық: екінші таймда ойын 500 мың рет тоқтатылды және төреші бәрін дұрыс істедім деп ойлайды. Біз АПЛ-дегі ең таза командалардың біріміз, бірақ, бүгін бізді қасапшы етіп көрсетіп отыр. 

Қорытындыны қабылдаймыз, алайда, мұның бәрі бір шатпақ боғандай сезім қалды. "Наполиді" 1:0 есебімен жеңсе "Ливерпуль" ары қарай өтеді? Тамаша. Біз гол соғамыз, ойын аяқталғаны туралы ысқырық болады да, бәріміз үйге қайтамыз", - деп келтіреді бапкердің сөзін BBC.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz