Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бүгін – Түрмедегі жазушылар күні

Бүгін – Түрмедегі жазушылар күні

Бүгін – Түрмедегі жазушылар күні
Бүгін – Түрмедегі жазушылар күні

Әр жыл сайын 15 қараша күні төрткүл дүние "Түрмедегі жазушылар күнін" атап өтеді. Бұл мереке 1981 жылдан бері халықаралық ПЕН-клуб тарапынан жазықсыз абақтыға қамалған жазушыларды босату ұсынысымен тойлана бастады.

Халықаралық ПЕН-клуб 1960 жылы құрылып, бүкіл әлемнің жазушылар қауымдастығына айналды. Негізінен клуб сөз бостандығы үшін күресіп, өз көзқарастары үшін қорқытып-үркітіп, ұрланған, шабуылға ұшыраған, қамауға алынған, азапталған және сол үшін мерзімінен бұрын қайтыс болған барлық жазушылардың намысын қорғайды. 

ПЕН-клубтың мәліметінше, жыл сайын жазушыларға, журналистерге және баспагерлерге шамамен мыңға жуық шабуыл жасалады екен. Олардың 200-ге жуығы темір торға қамалып, кейбірі 20 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі, қалғандары әділетсіз соттардың, қуғын-сүргін мен қатерлердің құрбаны болады. 

Түрмедегі жазушылар күні – сөз бостандығын қалаған, солақай саясатқа қарсы бүкіл жазушыларды қолдау күні. Жыл сайын ПЕН-клуб бұл оқиғаны репрессияға ұшыраған, абақтыға жазықсыз түскен бірнеше жазушыларға қоғамның назарын аудару үшін атап өтеді. 15 қарашада жұртшылықты аталған жазушыларға көмектесуге, ақшалай қайырымдылық жасауға үндейді.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары