Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бразилияда қылмыскер түрмеден қашу үшін қыз болып киінді

Бразилияда қылмыскер түрмеден қашу үшін қыз болып киінді

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында заңсыз есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топ басшысы түрмеден қашу үшін қыз болып киініп алған. Ол өзіне келетін кішкентай қызының образына енбек болған

The Guardian хабарлауынша, Клаувино да Сильва бетіне силикон маска тағып, жасанды шашпен түрмеден қашпақ болған. Жоспарын жүзеге асыру үшін ол өзінің қызының киімін киіп алыпты.  

​Алайда қылмыскер өте қатты қобалжыған. Мұны полицейлер бірден байқап қалыпты.

Қазір тәртіп сақшылары бұл жоспарға қылмыскердің қызының қандай қатысы болғанын анықтап жатыр. Әкесі қашып кеткен кезде қыз түрмеде қалады деген жоспар болуы мүмкін.

​Клаувино да Сильва Бразилиядағы "Қызыл команда" деп аталатын аса ірі қылмыстық топты басқарған. Бұл топ 2005 жылы Рио-де-Жанейроның аса қауіпті аудандарының 53 процентін бақылауына алды.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр