Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

БҚО тұрғындары Ресейге жалақының төмендігінен кетіп жатыр

БҚО тұрғындары Ресейге жалақының төмендігінен кетіп жатыр
Фото: YouTube

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындары көбірек табыс табу үшін Ресейге жұмысқа кететінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Дегенмен, оның айтуынша, облыста жұмыссыздық мәселесі жоқ.

"Біз 23 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Бұл ең басты міндетіміз. Бос жұмыс орындары бар, керісінше, бізде жұмыс күші жетіспейді", - деді әкім.

Өңір басшысы облыстағы жұмыс берушілердің 250-500 мың теңге аралығында жалақы ұсынатынын, Ресейде қазақстандықтарға 600-800 мың теңге көлемінде вахталық жұмыс ұсынатынын айтты.

"Әрине, бәрі көбірек табыс тапқысы келеді. Мұнда ешкімді тоқтату мүмкін емес, бұл адамның жеке таңдауы", - деді Төреғалиев.

Журналистер сондай-ақ әкімнен облыстан кеткен жұмысшыларды бақылап отыра ма, олардың Ресей әскери күштері құрамында соғысқа қатысу жағдайы тіркеліп-тіркелмегенін сұрады.

"Жоқ, мұндай жағдайлар болған жоқ. Мен сіздерге айтамын. Біз бақылап отырмыз", - деді облыс басшысы.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі