"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

БҚО-ның қырыққа жуық тұрғынын алдап кеткен өзбекстандық азамат сотталды

БҚО-ның қырыққа жуық тұрғынын алдап кеткен өзбекстандық азамат сотталды

2018 жылғы 5 желтоқсан 16:36 112

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған өзбекстандық азамат Муродулло Юлдашев сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, М.Юлдашев ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды.

Өзбекстандық азаматқа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу кесілді.

1993 жылғы М.Юлдашев тергеу барысында анықталмаған тұлғалармен ымыраласып, алаяқтық жолмен тез баюды жоспарлап, Қазақстан аумағында «Лесных» ЖШС-ын құрған.

Ол интернетте құрылыс материалдарын базардағыдан төмен бағамен сату туралы хабарландыру орналастырып, алдын ала төлемақы алып, қазақстандық азаматтармен келісімге отырған. Содан кейін түрлі сылтаулармен құрылыс материалдарын жеткізу кешіктіріле берілген.

Осылайша М.Юлдашев БҚО-ның 39 азаматына аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген.

Жәбірленушілердің пайдасына азаматтық талап-арыз бойынша залалдар өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ірі көлемде алаяқтық жасаған өзбекстандық азаматтың тергеліп жатқанын жазған болатынбыз.

Автор
Жандос