Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Бозымбаев пен Сұлтанғазиев кінәлі»: Тоқаев Алматы облысында 919 рет жарық өшкенін айтып, шенеунік пен әкімді масқаралады

«Бозымбаев пен Сұлтанғазиев кінәлі»: Тоқаев Алматы облысында 919 рет жарық өшкенін айтып, шенеунік пен әкімді масқаралады
Фото: ашық дереккөзден

Биылдың өзіәнде қалаға жақын жерлерже 201 рет жарық өшкен

Бүгін Алатау қаласының даму жоспарына қатысты кеңес өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың ішіне қосылған бірнеше ауданда қайта-қайта жарық өше беретінін мәлім етті. Және президент бұл тікелей вице-премьер Қанат Бозымбаев пен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатесі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Яғни, Тоқаев мәлім еткендей, Қазақстан талпынып отырған «Alatau Smart-City» қаласының құрылысы мен сол жердегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың арасы жер мен көктей. Бұған президенттің айтатын тікелей дәлелі де болды.

«Қалаға қосылған елді мекендердің (Жетіген, Қоянқұс және тағы басқалар) тұрғындары тұрмысқа қажетті қарапайым жағдайдың жасалмағанын айтады. Электрдің жиі өшуіне қатысты арыз-шағымның көптігін былай қойғанда, тұрақты интернеттің, сапалы жолдың, орталықтандырылған судың жоқтығын алға тартады. Мұндай проблемалар облыстың барлық аумағында бар. Мәселен, 2025 жылы электр желісінің тозуы 70 пайызға жуықтаған. Соның салдарынан 919 рет жарық өшкен. Ал, жыл басынан бері 201 рет жарық өшкен», - деп мәлім етті Тоқаев.

Яғни, Тоқаевтың сөзіне сенсек облыс әкімдігі үш қосалқы станцияны әлі жөндей алмай отыр. Сайып келгенде, Alatau Smart-City сияқты озық қаланы салуға қатысты мемлекеттің жоспары мен сол жердегі шынайы жағдай бір-біріне қарама-қайшы. Ал оған кінәлі – жауапты вице-премьер мен әкім.

«Мұны ашық айтайық. Бұл жағдайды премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың, сонымен қатар, әкім Марат Сұлтанғазиевтің тарапынан жіберілген олқылық деп санаймын», - деп мәлімдеді Тоқаев.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.