KZNews.kz
Қоғам

“Ботқадан жәндіктер шыққан”: Балабақшада өріп жүрген жәндіктер жаға ұстатты

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласындағы №29 балабақшада тарақандардың қаптап кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада асхананың ішінде үй жәндіктерінің еркін жүріп жүргені анық байқалады. Кадрларда тарақандардың плита үстінде, қабырғаларда, тіпті еден бойымен өріп жүргені көрінеді. Видео қоғамда үлкен наразылық тудырды.

Балалар ата-аналарының айтуынша, мәселе тек жәндіктермен шектелмейді. Олардың сөзінше, біраз уақыттан бері бүлдіршіндерге сапасы күмәнді, кейде тіпті бұзылған тағам беріліп келген. Бір ата-ана баласының тіліне салған ботқадан тірі жәндіктің шыққанын айтып, шошыныпты.

Сонымен қатар, ата-аналар асханадағы азық-түліктің жүйелі түрде ұрланатынын алға тартты. Тамаққа бөлінген арнайы өнімдердің мөлшері азайып, балаларға жеткілікті көлемде тағам берілмейтіні жөнінде шағымдар көбейген.

Алматы қалалық Білім басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Олардың мәлімдеуінше, балабақшада дезинфекция шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Алайда жәндіктердің көбеюіне мекеме маңында орналасқан қоқыс контейнерлерінің әсері болуы мүмкін деп болжанып отыр.

Қазіргі уақытта аталған балабақшада санитарлық және әкімшілік тексерістер басталды. Мәселе анықталған жағдайда жауапты тұлғаларға шара қолданылатыны айтылды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары