Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Босқындар лагерін тасқын басты

Босқындар лагерін тасқын басты

Астана. 4 қаңтар. KAZISLAM – Сирияның солтүстік-батысындағы босқындар лагерінің басым бөлігі нөсер жауынның астында қалды. Жапа шеккен адамдарға гуманитарлық ұйымдар қол созуда.

Нөсерлі жауын осымен төрт күн қатарынан Идлиб және Лазкий провинциясында жауып, салдарынан 11 лагерь су астында қалды. Шамамен 70 мыңға жуық адам қиын жағдайға душар болды. 25 мың босқын баспанасыз қалды. Олардың шатырларын су шайып кетті.

«Шатырлар лезде суға толды. Су көзді ашып жұмғанша бір мерт биіктікке көтерілді. Бізде құрғақ киім де, матрац, көрпе-төсектер де қалмады» дейді «Атме» лагерінің босқыны Махмұт Беккур.

Сириялық босқындар тек киім-кешектерін алып, қауіпсіз жаққа көшуге мәжбүр болған. «Су тасқыны лагерді кешкілік басып қалған, адамдар шырт ұйқыда болған. Осы уақыттан бері бізге көмек керек екенін ешкім сұраған да жоқ» дейді босқын Небил Авад.

Еске салсақ, Сириядағы соғыс 2011 жылдың наурыз айында басталған. БҰҰ деректеріне сүйенсек, осы уақыттан бері 400 мыңнан аса адам қаза тапқан, 10 миллионнан аса тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Мадияр