KZNews.kz
Шоу-бизнес

Босап қалған қала: карантиндегі Нұр-Сұлтанда не болып жатыр

Еркебұлан

Қазақстанның астанасындағы көшелер босап қалды, саябақ, гүлзарлар мен жағалауда қыдырып жүретін қала тұрғындары көрінбейді. Коронавирус астаналықтардың қалыпты өмірін өзгертті

Нұр-Сұлтанда 30 наурыз – 6 сәуір аралығында бір аптаға жұмыс тоқтатылды. Тұрғындарға үйден себепсіз шығуға болмайды. Тек дүкенге, дәріханаға, медицина мекемелеріне және жұмысқа баруға болады.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін тоқтатып, қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат құжатының бар-жоғын тексеріп жатыр. Көшеге таңғы оннан кешкі сегізге дейін шығу ұсынылды.

Нұр-Сұлтан қазір коронавирус жұқтырғандар бойынша көш басында тұр. Соңғы деректер бойынша қалада 184 дертке шалдықты. Жергілікті билік инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін қатаң шаралар қабылдады.


sputniknews.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →