KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Болды, қазір өліп қалады” - Жаңаөзендегі оқушы қыздар арасындағы төбелес жаға ұстатты

Ayzhan Sylanova
Фото: Alash.kz

Желіде тараған видеода бір қыздың соққыдан кейін есінен танып қалғаны, ал жанындағы құрбыларының “Болды, қазір өліп қалады” деп дабыл қаққаны анық көрінеді.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиға сабақтан кейін, кешкі уақытта болған. Жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, іс толық бақылауға алынды.

Полиция бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғап, оқушы қыздардың ата-аналарын жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, мәселе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда жеке қаралады.

Білім басқармасы аталған оқиға туралы дер кезінде хабарламаған қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылатынын атап өтті.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары