Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Болат Назарбаевтың қызы Q-pop бағытында ән орындамақ (фото)

Болат Назарбаевтың қызы Q-pop бағытында ән орындамақ (фото)

"BN" тобының бұрынғы солисті Альбина Назарбаева өзін жаңа бағытта сынап көрмек. Танымал әнші біраз уақыт үзілістен соң тыңдармандарын ерекше стилімен қуантты деп жазады NUR.KZ.

Альбина Алматыда өткен JUZ Entertainment Q-pop фестивалінде өнер көрсетті. Жаңа бағытта жарқырай көрінген әншіні тыңдармандары да жылы қабылдады.

"Осы әнді орындап, тыңдармандарыма жаңа леппен оралу үшін 2-3 ай дайындалдым. Шынымды айтсам, өзіме ерекше күш-қуат алдым. Сахнадағы сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұйырса, осы бағытты өзімді әлі де жетілдіріп, алға қадам басуды көздеп отырмын", - дейді жас әнші Альбина Болатқызы.

Әнші болашақта әнге бейнебаян түсіріп, елімізде Q-pop бағытын дамытуды мақсат етіп отыр.

Еске сала кетейік, аталған фестивальге Альбинаның анасы Гүлнұр Назарбаева қаржылай демеушілік көрсетіп, мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты. 

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары