«Барыс» базарының марқұм Болат Назарбаевға тиесілі жерін мемлекетке қайтару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Әкімнің айтуынша, «Барыс» базарына қатысты сот істері әлі жалғасып жатыр.
«11 гектар жер қайтарылды. Қалған жерлерді қайтару бойынша қазір прокуратура жұмыс жүргізіп жатыр. Жерлер бірнеше рет сатылған. Сондықтан, келісімшарттарды бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Ол жерге қатысты жоспарымыз бар. Жол бойында инфрақұрылым тартылып, асфальт төселген. Ол жерді индустриялды аймаққа айналдыру жоспарланып отыр. Ол жақта халықтың көптігін ескеріп, елді тігін фабрикаларында жұмыспен қамтуға болады»,- деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.