Жемқорлыққа нөлдік төзімділік: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясынан жауап келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Болашақ құдаларымыз": Жанболат пен Жазираның шаңырағында үлкен той болмақ (ВИДЕО)

"Болашақ құдаларымыз": Жанболат пен Жазираның шаңырағында үлкен той болмақ (ВИДЕО)
SN.kz

Жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың үйінде ерекше дайындық байқалады. Өнер иелерінің айтуынша, олардың шаңырағында алдағы уақытта үлкен той болайын деп тұр, деп хабарлайды Sn.kz.

Жазира Байырбекова бұл қуанышты сәтті Instagram-парақшасында бөлісіп, болашақ құдалары келгенін жазған.

"Болашақ құдаларымызбен танысу үшін шайға шақырдық", – деп жазды әнші.

Бұл ақпаратқа қарағанда, ерлі-зайыптылардың жалғыз ұлы Қазыбек жақын күндері үйленуі мүмкін деген болжам күшейді. Алайда Жанболат пен Жазира болашақ құдалардың кім екенін, қай өңірден екенін ашып айтқан жоқ.

Желіге жүктелген видеода танымал әртістер мен шоу-бизнес өкілдері көзге түседі. Ал болашақ құдалардың нақты кім екенін видеодан аңғару қиын.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер