KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Болашақ келініммен таныстым”: Жазира Байырбекова халықтан сүйінші сұрады

Ayzhan Sylanova

Танымал әнші Жазира Байырбекова жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен бөлісіп, әлеуметтік желі қолданушыларынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі бұл жағымды жаңалықты өз парақшасында жариялап, отбасы үшін маңызды кезең басталғанын меңзеді. Жазира Байырбекова болашақ келінімен алғаш рет жүздескенін айтып, ерекше әсерде болғанын жасырмады.

«Болашақ келініммен алғаш рет таныстым», – деп жазды әнші қысқа ғана жазбасында.

Сонымен қатар ол болашақ құдаларымен де кездесіп, танысқанын атап өтті. Әншінің бұл жаңалығы желі қолданушылары арасында жылы қабылданып, көпшілік тарапынан ақжарма тілектер мен құттықтаулар жауды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары