Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бокстан ұлттық құраманың капитаны сайланды

Бокстан ұлттық құраманың капитаны сайланды

Бокстан Қазақстан ұлттық ерлер құрамасы жаңа жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев шақыруымен алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Сондай-ақ команданың капитаны тағайындалды.

Ауыр салмақта жұдырықтасатын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ұлттық құраманың капитаны болып сайланды, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты.

- Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Өзге боксшылар мен спортшыларға үлгі бола білуім керек. Жаңа жылдан бастап құрамаға жас боксшылар қосылды. Бас жаттықтырушы да ауысты. Бірге алға жылжып, қазақ елінің намысын абыроймен қорғауға күш саламыз, - дейді Қамшыбек.

Айта кетейік, осыған дейін ұлттық құраманың капитаны Әділбек Ниязымбетов  болған. Боксшы өткен жылы спорттағы мансабын аяқтады.

Дереккөз: https://massaget.kz/
Автор
Жандос