Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бояу, кірпік, әшекей”: Мектептерде оқушылардың сырт келбетіне қойылатын талап күшейтілмек

“Бояу, кірпік, әшекей”: Мектептерде оқушылардың сырт келбетіне қойылатын талап күшейтілмек
Фото: ашық дереккөз

Жаңа оқу жылында Ақтау мектептерінде оқушылардың сырт келбетіне қатысты талап күшейтілмек. Білім беру ұйымдары мектеп формасын сақтамай, боянып, жасанды кірпік тағып немесе тырнақ өсіріп келетін оқушыларға ескерту жасап, талап орындалмаған жағдайда тәртіптік шара қолдануды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, оқушы белгіленген талапты бұзған жағдайда алдымен ескерту жасалады. Ескертуге құлақ аспаған жағдайда ата-анасы мектепке шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ал талапты қайта-қайта сақтамаған оқушының тәртібі арнайы комиссияда қаралуы мүмкін.

Ақтау қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Римма Шабикованың сөзінше, мектепте артық әшекей мен көзге түсетін сәндік элементтерге де шектеу қойылады.

«Тырнақ бояуға рұқсат етілмейді, артық жылтырақ, алтын немесе тағы да әртүрлі нәрселер тағуға да болмайды. Сол мектептің бекіткен формасын киіп, мектептің қойған талаптарымен оқушылар жүру керек», – деді ол.

Оның айтуынша, белгіленген тәртіп сақталмаса, алдымен оқушының ата-анасы шақырылады. Егер ескертуге қарамастан талап бұзыла берсе, білім беру ұйымы тарапынан тиісті шара қабылданады.

Сырт келбетке қойылатын талап тек қыздарға ғана қатысты емес. Ұл балалардың да шаш үлгісі, мектеп формасы мен әшекей тағуына қатысты ережелер сақталуы тиіс. Мектеп әкімшілігі оқушылардың оқу орнына белгіленген талапқа сай келуін бақыламақ.

Ата-аналардың бір бөлігі мұндай шектеулерді қолдап отыр. Олардың пікірінше, мектеп ең алдымен білім алатын орта болуы керек және оқушының сыртқы келбеті оқу процесіне кедергі келтірмей, білім ордасының ішкі тәртібіне сай болғаны жөн.

Мектеп формасына қатысты негізгі талаптардың бірі – киімнің классикалық әрі ұстамды болуы. Қыздарға белдемше немесе шалбар, ал ұлдарға шалбар мен жейде кию ұсынылады. Сонымен қатар белдемшенің ұзындығы, шаш үлгісі және сыртқы келбетке қойылатын өзге де талаптарды әр білім беру ұйымы өзінің ішкі тәртіп ережесінде нақтылай алады.

Осылайша, жаңа оқу жылында мектептерде оқушылардың киім кию мәдениеті мен сыртқы келбетіне бақылау күшейтілуі мүмкін. Алайда қолданылатын шаралардың нақты тәртібі әр мектептің ішкі ережесіне байланысты болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.