KZNews.kz
Шоу-бизнес

Блок-бекеттер мен нысандардың жұмысын шектеу: Қазақстанның тағы бір аймағында карантин күшейтілді

KZNEWS
9 қарашадан бастап Павлодар облысында бірқатар шектеу шаралары қабылданады. Бұл туралы ақпарат үкіметтің ресми сайтында жарияланды.

Ералы Тоғжанов қазан айының қорытындысы бойынша өңірде тіркелген СOVID-19 фактілерінің үш есеге өскенін атап көрсетті. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Ведомствоаралық комиссияның төрағасы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша облыс әкімдігіне 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды, атап айтқанда:

Павлодар-Алматы аптасына 10 рейстен 5 рейске дейін;

Павлодар-Нұр-Сұлтан 3 рейстен 1 рейске дейін;

Павлодар-Шымкент аптасына 2 рейстен 1 рейске дейін;

Демалыс және мереке күндері:

"Өңір басшылығына карантин режимін сақтау бойынша мониторингтік топтардың қызметін күшейту, тұрғындар арасында карантин режимін мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды", – делінген ресми хабарламада.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Еске салсақ, Көкшетау маңына блок-бекеттер қойылатыны туралы жазған едік. Жалпы Ақмола облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер енгізіледі.

Оған қоса, ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Қазақстанда коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру жағдайы болғанын айтты.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары