Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның ұлдары көлік жүргізіп, жол апатына түсе жаздады

Блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның ұлдары көлік жүргізіп, жол апатына түсе жаздады

Блогер Карина Оксукпаева ұлдарының өз үйінің алдында жол апатына түсе жаздағанын айтып, видео жариялады. Бұл туралы Kznews.kz агенттігі хабарлайды.

Видеодан блогердің екі ұлының аулаға шығып, көлікке отырғанын көруге болады. Үлкен ұлы рөлге отырады, содан соң көлік қозғалып, үйдің бұрышына және қоршауға соғылып тоқтайды. Содан кейін балалар көліктен шығып, қашып кетеді.

Блогердің айтуынша, ол сол сәтте кіші баласына қарап жатқандықтан, үлкен ұлының көлік кілтімен үйден шыққанын байқамапты.

“Мен шыққанда көлік қозғалып келе жатты. Елестетіп көрініңізші, бала көлік жүргізіп келе жатыр. Мен көлікке мініп, тоқтатып үлгердім. Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?”, – дейді блогер.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада 7 жасар бала көлік жүргізіп, жол апатына түскені туралыжазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.