KZNews.kz
Шоу-бизнес

Блогер Ырысбала Икрамбай өзін айыптаған жалғызбасты анаға жауап берді

Ayzhan Sylanova
Фото: sn.kz

Әйелдің айтуынша, жұртшылық жинаған қаражаттың толық көлемін ол ала алмаған. Гүлімнің сөзіне сенсек, Ырысбала «Сіз билікке қарсы екенсіз» деп, көмекті толық беруден бас тартқан.

Алайда блогер бұл айыптауды жоққа шығарып, керісінше, әйелдің өзін кінәлады.

«Бұл әйел мені жылдар бойы қаралап келеді. Халыққа 11 жыл бойы көмек сұрап келеді. Қол жаюды кәсіпке айналдырған. Төрт баласының үлкені қазір 11-сыныпта оқиды. Мұқтаждығы қашан бітеді?», – деді Ырысбала үндеуінде.

Сонымен қатар ол Гүлім Болатжанның қарғыс сөздері жазылған скриншотын жариялап, тағы да сын айтты. «Бірінші кәсібі – халықтан көмек сұрау, екіншісі – телеарналарды жағалау. Төрт баланы туғызған әкесінен сұрасын», – деп мәлімдеді блогер.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары