KZNews.kz
Шоу-бизнес

Блогер Елдос “Колобок” ұлына ерекше есім берді

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Белгілі блогер Елдос Колобок ұлын перзентханадан шығарып, әлеуметтік желіде балаға қандай есім бергенін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Бүгін біз сіздермен бір жаңалықпен бөліспекпіз – осы өмірге келген жаңа тіршілікті бірге қарсы алайық. Біздің әлемге қош келдің. Әлем – бұл шексіздік, кеңдік, еркіндік. Күні: 12.11.2025, уақыты: 08:29. Үздік әлем азаматы бол, біздің таңғажайып әлемімізді аралап, оны бағындыр және жақсы жақтарымен таныт. Саған бізді таныған әлем тілеймін, сондықтан есімің Әлем Елдосұлы», – деп жазды блогер.


Еске сала кетейік, блогер Елдос Колобок ұзақ жылдар күткеннен кейін ұлды болған еді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары