KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

БҚО-да кран құлап, бір жұмысшы тіл тартпай кетті

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында құрылыс нысандарының бірінде мұнаралы кран құлап, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы жағдай Мичурино ауылында таңғы сағат 10:00 шамасында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үй салынып жатқан құрылыс алаңында мұнаралы кран кенеттен құлаған.

Апат салдарынан кран машинисі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен кранның құлау себептері анықталып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →