Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жас жігіттің әрекеті полицияның жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Тексеру барысында оның Ақсай қаласының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Сот жас жігітті кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Ал қоршауға жазылған жазу кейін өшірілген.
Полиция өкілдері ғимараттар мен басқа да нысандарға рұқсатсыз жазу немесе граффити салу заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық кеңістікті бүлдіру мен вандализмге қарсы шараларды күшейту қажеттігін көтерген болатын.