Орталық Азия экономикасы: Қазақстан көшбасшылықты сақтап қала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

БҚО-да ғимарат қоршауына жазу жазған 19 жастағы жігіт қамауға алынды

БҚО-да ғимарат қоршауына жазу жазған 19 жастағы жігіт қамауға алынды
Ұсталған адам. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында ғимарат қоршауына рұқсатсыз жазу жазған 19 жастағы тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жас жігіттің әрекеті полицияның жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Тексеру барысында оның Ақсай қаласының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Сот жас жігітті кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Ал қоршауға жазылған жазу кейін өшірілген.

Полиция өкілдері ғимараттар мен басқа да нысандарға рұқсатсыз жазу немесе граффити салу заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық кеңістікті бүлдіру мен вандализмге қарсы шараларды күшейту қажеттігін көтерген болатын.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер