Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бюджеттен чартерге 20,7 миллион теңге бөлінбек: Сапарбаевтың Татарстанға ұшуы үшін бе?

Бюджеттен чартерге 20,7 миллион теңге бөлінбек: Сапарбаевтың Татарстанға ұшуы үшін бе?

Жамбыл облысының әкімдігі желіде тараған "Бердібек Сапарбаевтың Татарстанға ұшуына арналған чартерлік ұшақ" туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

PROTenge Telegram-каналында бағасы 20 миллионнан асатын ұшақ туралы ақпарат пайда болған.

"Әкім Сапарбаевқа арналған чартер ме? Тараз Қазан - Тараз - Қазан чартерлік рейсіне бюджеттен 20,7 миллион теңге жұмсауға дайын. Чартермен кім ұшады деп ойлайсыздар? Татар халқымен достықты қолдайтын әкім бе? Не болмаса, ауыр науқас балаларды емдеу үшін ұшақпен жібере ме? Қазақстандық дәрігерлер тәжірибе алу үшін чартерлік ұшақпен ұшатын шығар?" - деп жазады жазба авторы.

Тараз әкімдігі рейс дәрігерлерге арналғанын мәлім етті.

"Қазан - Тараз - Қазан" чартерлік рейсі медициналық көмек көрсету және коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Татарстан Республикасынан дәрігерлер келуіне арналған. Облыстық әкімдіктің басшылығы іссапарларда тек әдеттегі рейстік ұшақтарды пайдаланады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Автор
Еркебұлан