KZNews.kz
Жаңалықтар

Бизнес пен билік тұрмыстық зорлық-зомбылықпен бірігіп күреспек

Фото: ашық дереккөздерден

KT&G корпорациясы Алматы облысындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына 20 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Аймақта бизнес пен мемлекеттік орган өкілдері бірнеше жылдан бері әлеуметтік және қоғамдық ұйымдарды қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мұндай серіктестік өңірде әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып, қоғам үшін нақты нәтиже беріп отыр. Осы қатарда KT&G компаниясы бар. Компанияның Қазақстандағы қызметі 2023 жылы басталып, 2025 жылы өндірістік зауыттың іске қосылуымен жаңа кезеңге өтті. Аталған жоба нәтижесінде ел экономикасына оң әсер етіліп, шамамен 300 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, компания Қазақстандағы әлеуметтік мәселелерді шешуге өз үлесін қосып келеді. Атап айтқанда, білім беру мен шәкіртақы бағдарламаларын қолдау, ағаш егу бастамалары, сондай-ақ қызметкерлердің еріктілік қызметі арқылы қоғам алдындағы корпоративтік азаматтық жауапкершілікті жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

- Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғам үшін ең күрделі әрі сезімтал мәселелердің бірі. Әлеуметтік осал топтарды қолдау, әсіресе зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету және үміт сыйлау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. KT&G корпорациясының бұл қолдауы орталық жұмысының тиімділігін арттырып, көмек алушылардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біз жергілікті атқарушы орган ретінде әлеуметтік серіктестікке әрдайым ашықпыз және осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз, – дейді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Автордың басқа материалдары