Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бізге қысым көрсетті, 14 миллион талап етті”: ҚМА Жанабыловтердің мәлімдемесіне жауап берді

“Бізге қысым көрсетті, 14 миллион талап етті”: ҚМА Жанабыловтердің мәлімдемесіне жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Эльмира Төлегенованың сот барысында айтқан қысым туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске сала кетейік, 14 сәуірде өткен сот отырысында Төлегенова тергеу кезінде өзіне және жұбайына қысым жасалғанын айтқан. Сондай-ақ ол тергеуші тарапынан сайт әзірлеушісінен 15 миллион теңге талап етілгенін мәлімдеген еді.

Алайда агенттік бұл ақпаратты жоққа шығарды. ҚМА мәліметінше:

“Күдіктілер Е.Жанабылов пен Э.Төлегенова тергеу әрекетіне қорғаушысымен ғана қатысты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және қылмыстық іс материалдарымен танысу кезінде аталған тұлғалардан қысым көрсету, қорқыту және ықтимал бопсалау туралы агенттікке, прокуратура органдарына немесе сотқа ешқандай өтініш түскен жоқ”.

Ведомство өкілдері тергеу барысында заң талаптары сақталғанын атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.