“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Біздің Сардар үйленді": АҚШ-тағы қазақ баласы қуанышты жаңалығын жеткізді (ФОТО)

"Біздің Сардар үйленді": АҚШ-тағы қазақ баласы қуанышты жаңалығын жеткізді (ФОТО)
Ашық дереккөзден

Тағдырдың жазуымен бала кезінде шетел асып, АҚШ-та өскен қазақ жігіті Сардар (Поль) Бэбкок өз отбасын іздеу тарихымен көпшілікке таныс. Енді ол өмірінің жаңа кезеңін бастап, үйленді.

Бұл қуанышты жаңалықты журналист Жанар Байсеміз әлеуметтік желі арқылы жариялап, жас жұбайларға игі тілегін арнады.

"Біздің Сардар үйленді! Жас жұбайлар бақытты болсын! Естеріңізге сала кетейін, Сардар "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының кейіпкері болды. Біз Сардармен ЮТА штатында жолықтық. Кейін өзі туған анасын іздеп, Қазақстанға келді. Өз тарапымыздан біз де іздеу жұмыстарын жүргіздік. Көп іздедік. Өкінішке қарай, таппадық. Қаншама шетел асқан баланың аналарын, әкелерін тауып бердік. Алайда Сардардың биологиялық анасы құмға сіңген тамшыдай жоқ болды. Сардардың анасын іздеп жатқан кезімізде оның қарындасының туған анасын тауып алдық. Олар табысты", – деп жазды журналист.

Жанар Байсеміздің айтуынша, Сардар туған анасын таба алмаса да, өмірлік серігін жолықтырып, жаңа өмір бастады.

"Енді, міне, "анамды табамын" деген арманына жете алмаса да, аяулы жарын жолықтырыпты. Келініміз үріп ауызға салғандай сұлу екен. Сардар, шын жүректен бақыт тілеймін. Сен менің жүрегімдесің. Құрған отауың берік болсын! Сен нағыз азаматсың. Ал, құрметті оқырмандарым, Сардарға жақсы тілек жазыңыздар. Ол бақытты болуға лайық", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер