Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Біз қарсыластан да мықты ойнадық" – Қазақстан-Бельгия 1:1

"Біз қарсыластан да мықты ойнадық" – Қазақстан-Бельгия 1:1
©Sports24.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем біріншілігіне іріктеу аясында Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұл туралы Kznews порталы хабарлайды.

Қазақстан әлемдік мундиалға барудан үмітін үзсе де өзінің топтағы соңғы ойынына аса жауапкершілікпен келді. Еуропаның азулы құрамалырының біріне баланатын Бельгия бұл ойынды жеңген жағдайда уақытынан бұрын жолдамаға қол жеткізер еді. 

Алайда, бельгиялықтар тіпті жеңіліп қалуы да мүмкін еді. Ойынның алғашқы таймнда қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев гол соғып есеп ашты. Бұл Дастанның ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы. Ол Қазақстан футбол тарихындағы гол салған ең жас футболшы атанды.

Бірінші таймда сондай-ақ Ғалымжан Кенжебек те оқтын оқтын шабуыл жасап, бірнеше мәрте қақпаға әдемі соққы жасай білді. Ал қақпашы Темірлан Анарбеков 90 минут бойы қақпасын қорғап, ерлік көрсетті. Оның бірнеше сейві ойынның тағдырын шешті десек те болады. 

Бұл жолы Қазақстан құрамасы қорғанысқа жатып алмай, шабуылға көңіл бөлді. Алғашқы таймда-ақ мұның нәтижесі оң болғанына куә болдық. 

– Біз қарсыластан бір елі кем ойнамадық, тіпті бір бас артық болдық десек те болады. Дәл осылай Македония мен Уэльске қарсы ойнадық, алайда ол матчта біз өз мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алмадық. Бізге көп жаттығу керек, шабуылымызды голға айналдыруды басты мақсатымыз, – дейді ұлттық құрама ойыншысы Максим Самородов.

Айта кетейік, Қазақстан осы іріктеу кезеңінде 8 ұпаймен өз тобында төртінші орынға орналасты.

Қазақстан – Бельгия 1:1
Голдар: Сәтпаев (9), Ванакен (48)
Қызыл қағаз: Чесноков (79) 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.