НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды барлығына дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір карантинді ұзарту туралы айту ерте. Ешкім екі апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Бірақ біз барлыына дайын болуымыз керек", деді Абаев онлайн брифингте.