Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды. Грант жеңімпаздарының ресми тізімін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын иеленгендердің толық тізімімен министрдің ресми парақшасы мен министрліктің ақпараттық ресурстары арқылы таныса алады.
Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қолжетімді болады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау және талапкерлерді оқуға қабылдау 25 тамызды қоса алғандағы мерзімге дейін жалғасады.