Саяси қуғын-сүргін сюжеті: қызыл террордан қашып құтылған адам
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Биыл балаларды жазғы лагерьге жіберу құны қанша тұрады

Биыл балаларды жазғы лагерьге жіберу құны қанша тұрады
Алматы қалалық білім беру басқармасы

Елімізде қала сыртындағы лагерьлерге жіберу құны 30 000 теңгеден басталып, 400 000 теңгеге дейін жетті. Жолдама бағасы баланың қанша күн лагерьде болатынына, жатын орны мен бағдарламасына байланысты өзгеріп отырады, деп хабарлайды kznews.kz.

Kazinform жазғандай, балаларға арналған жазғы лагерь құны Орал, Шымкент және Алматы қалаларында жоғары. Бұл қалаларда кейбір маусымдық жолдама бағасы 240 – 400 мың теңге аралығында болады. Әрине, бағдарламасы жан-жақты, соның ішінде тіл үйретуге басымдық берсе, шығармашылық шеберлік сабақтары кірістірілсе құны өзгеше. Бұл лагерьлер келушілердің дамуына басымдық береді.

Астана, Көкшетау, Қонаев, Қарағанды, Тараз және Түркістан қалаларында баға орташа. Мұнда жазғы демалысты 100 – 250 мың теңгеге ұйымдастырып береді. Бағаға қанша күнге жоспарлағаныңыз бен лагерь жағдайы әсер етеді.

Атырау, Петропавл, Талдықорған және Өскемен қалаларында баға 30-55 мың теңгеден басталады. Бір маусымның ұзақтығы – 7-10 күн.

Бағаға таңдау күндері ғана емес, лагерьдегі инфрақұрылым, тамағы және орналасу орны мен бағдарламасы әсер етеді.

Қала сыртындағы лагерьмен қоса еліміздің барлық өңірінде дерлік тақырыптық, тіл үйрету, спорттық, шығармашылық және IT-лагерьлер жұмыс істеп жатыр.

Сонымен бірге жазда мектеп жанындағы және күндізгі лагерьлер ашылады. Бұл қолжетімді ұсыныс.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.