KZNEWS.KZ
Әлем

Бішкекте жоғары лауазымды шенеунік көлікте өлі күйінде табылды

• Дархан Тоқан
Кубанычбек Капалов. Ашық дереккөзі

Бішкекте Қырғызстан Бас прокуратурасына қарасты құрылымның жоғары лауазымды қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды Kznews.kz kaktus.media-ға сілтеме беріп.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Чон-Арық ауылында банкет залының маңында болған. Кеше түнде сағат 23:00 шамасында жедел жәрдем қызметіне көлік ішінде ер адамның өзін атып өлтіргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, марқұмның жеке басын анықтаған. Қаза тапқан адам Қырғызстан Бас прокуратурасы жанындағы сот орындаушылары қызметі басшысының орынбасары Кубанычбек Капалов болып шықты.

Қазір осы жайттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →