Бішкекте Қырғызстан Бас прокуратурасына қарасты құрылымның жоғары лауазымды қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды Kznews.kz kaktus.media-ға сілтеме беріп.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Чон-Арық ауылында банкет залының маңында болған. Кеше түнде сағат 23:00 шамасында жедел жәрдем қызметіне көлік ішінде ер адамның өзін атып өлтіргені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, марқұмның жеке басын анықтаған. Қаза тапқан адам Қырғызстан Бас прокуратурасы жанындағы сот орындаушылары қызметі басшысының орынбасары Кубанычбек Капалов болып шықты.
Қазір осы жайттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.