«Айына миллион табасың»: Англияға жұмысқа жіберемін деген әйел 10 адамды алдап кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бишімбаевтың ата-анасының сұхбаты ресейлік коучтың YouTube арнасынан жоғалып кетті

Бишімбаевтың ата-анасының сұхбаты ресейлік коучтың YouTube арнасынан жоғалып кетті
Жоғарғы сот

Екі жыл бұрын Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевке қатысты сот процесі қызу жүріп жатқан кезеңде Ресейлік блогер, психолог әрі коуч Наталья Грейс сот отырысына қатысқан еді, деп kznews.kz тілшісі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көп ұзамай оның YouTube-арнасында Бишімбаевтың ата-анасымен сұхбат жарияланып, онда олар оқиғаға қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ұлдарының тұлғасы мен марқұм Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы туралы пікір айтқан.

Аталған сұхбат қоғамда түрлі пікір туғызып, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар оны Бишімбаевты ақтауға бағытталған әрекет ретінде бағалаған.

Қазіргі уақытта бұл сұхбат Наталья Грейстің YouTube-арнасында қолжетімсіз болып қалған. Бұған дейін жарияланған сілтемелер арқылы өткенде, видеоның жабық немесе шектеулі қолжетімділікке ауыстырылғаны байқалады.

Әзірге сұхбаттың не себепті өшірілгені белгісіз. Дегенмен оның толық нұсқасы немесе үзінділері басқа YouTube арналары арқылы әлі де таралып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер