KZNews.kz
Қоғам

Бишімбаевтың анасы туысынан бір миллион долларын сот арқылы өндіріп алды

Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Астанада шамамен бір миллион доллар көлеміндегі алаяқтық ісі бойынша сот процесі аяқталды. Іс бойынша жәбірленуші ретінде Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы – Альмира Бишімбаева (Нұрлыбекова) танылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Айыптау нұсқасына сәйкес, оның туысы Бекзат Кемелова ірі көлемдегі қаражатты алдау жолымен иемденген.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Кемелованы ақшаны жымқырғаны үшін кінәлі деп танып, оның мүлкін тәркілеп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сот сондай-ақ сотталған азаматтан келтірілген шығынды өтеу үшін 500 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды. Кемелованың кәмелетке толмаған баласы бар болғандықтан, жаза өтеу мерзімі бір жылға шегерілді.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, іс бойынша куәгерлердің бірі жалған жауап берген.

«Сот аудан прокурорының назарына куәгер Қарлығаш Абдықұлованың жалған жауап бергені туралы жеке қаулы шығарды. Ол – Кемелованың күйеуінің жиені. Егер бұл жеке қаулы заңды күшіне енсе, жалған жауап беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Тергеу барысында оның жалған жауап бергені дәлелденсе, іс сотқа жолданып, ол да жауапқа тартылады», – деді адвокат.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →