Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бішкекте митингіге шыққандарды полиция ұстады

Бішкекте митингіге шыққандарды полиция ұстады

Бішкектегі "Ала-Тоо" орталық алаңдағы митингіге қатысқандарын бірнешеуін полиция ұстап алып кеткен. Ұсталғандардың арасында журналистер де бар. Полиция оларды екі автобусқа салып әкеткен. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Митингіге шыққан Аманбол Бабакулов Азаттыққа милиция Бішкектегі Бірінші май аудандық сотына апарғанын айтқан. Ал Бішкек ішкі істер департаменті "Ала-Тоо" алаңына жиналғандардың тарағанын хабарлады.

17 қаңтарда Бішкекте Қырғызстандағы Қытайдан келген мигранттарды елден шығаруды талап еткен жүздеген белсенді наразылық шарасын өткізген. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Бішкектің орталық алаңына акцияға шыққандар талаптарын хатқа түсіріп, депутаттарға тапсырмақ болды. Бірақ парламентке барған оларды милиция ғимаратқа кіргізбеді.

Алаңға Қырғызстан сыртқы істер министрі Алмаз Иманғазиев шығып, елдегі қытай мигранттарының барлығы заңға сай жұмыс істеп жүргенін айтқан.

Акцияға шыққандар Қытайдан келген мигранттарды елден шығарудан өзге қытайлық еңбек мигранттарына берілетін квотаны азайту, төлқұжатқа "ұлты" деген бағанды қайта жазу, белсенділерді қудалауды тоқтату, қырғыз қыздарының шетелдіктерге тқұрмысқа шығуына тыйым салу және парламент депутаттарының санын азайтуды талап еткен.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Санжар