Түркістан облысы Төле би аудандық сотында өзін қоныс колониясына ауыстыруды сұраған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың өтінішін қанағаттандырмады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қуандық Бишімбаев: Фото: sputniknews.kz
Экс-министр жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік (жалпы тәртіптегі колония) мекемесінде өтейді. Төле би аудандық соты осындай шешім қабылдаған.
"Олар қоныс колониясына ауыстыруды сұрады. Бірақ ол 189-баптың 4-бөлігі бойынша сотталды, сондықтан ол қауіпсіздік деңгейі орта колонияда жазасын өтей алады. Сот сол себепті осындай шешім шығарды. Ол қалаған колониясына ауыстырылады. Осында болуы мүмкін немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша", - деді судья Нұрмахан Жорабеков.
Еске сала кетейік, осы жылдың наурыз айында ол 10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев өзін қоныс колониясына ауыстыруды сұраған болатын.