Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бірнеше ауыл кетті”: Түркістанда Қазығұртты су басты

“Бірнеше ауыл кетті”: Түркістанда Қазығұртты су басты
Фото: azattyq-ruhy.kz

Кадрлардан ауыл көшелерін су басып, судың аулаларға қарай жайылғанын көруге болады. Жергілікті тұрғындар мен арнайы техникалар су ағынының бағытын өзгертіп, оның зардабын азайтуға әрекет жасаған.

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында нөсер жаңбыр жауып, бірнеше елді мекенді су басты. Қосағаш ауылында көшелерді су басып, арықтардан су тасыған. Әлеуметтік желіде табиғи құбылыстан кейінгі жағдай түсірілген видеолар тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, 1 қазанда жауған нөсер салдарынан ауданның бірнеше ауылында сел жүрген. Қазір зардап шеккен аумақтарда төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр.

«Қазір селден зардап шеккен аумақтарда жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа 9 техника мен 64 адам тартылды», – деп хабарлады әкімдік.

Құзырлы органдардың мәліметінше, табиғи апат салдарынан адам қаза таппаған және тұрғын үйлер қирамаған. Ауласына су кірген тұрғындарға тиісті көмек көрсетіліп, аумақтарда су басу салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Жергілікті билік тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басқан аумақтарды қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.