“Жұмыс істегісі келген адам жұмыс таба ма?“ Бектенов Еңбек министрінен бос жұмыс орындары туралы сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Бірнеше балл жетпеген балалардың тағдырына кім қызығады?» - Министр Назарбаев мектебі туралы

«Бірнеше балл жетпеген балалардың тағдырына кім қызығады?» - Министр Назарбаев мектебі туралы
Фото: ulysmedia.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсуге аз ғана балл жетпеген оқушылармен арнайы жұмыс жүргізілуі керек екенін айтты. Оның пікірінше, мемлекеттен қомақты қаржы алып отырған НЗМ мұндай балаларды қолдайтын жеке жүйе қалыптастыруы тиіс, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, кей өңірлерде бір орынға 13 балаға дейін үміткер болады. Соның салдарынан жоғары нәтиже көрсетсе де, бірнеше балл жетпей қалған оқушылар НЗМ-ге өте алмайды.

«Кей балаларға 5 балл ғана жетпегенін білемін. Шынын айтқанда, олардың кейінгі тағдырына кім қызығады? Меніңше, Назарбаев Зияткерлік мектебі осындай балаларды сүйемелдейтін платформа құруы керек еді. Бір балл, бес балл немесе жүз балл жетпей қалғандардың барлығымен жұмыс жүргізілуі қажет. Біз мұндай жұмысты көріп отырмыз ба? Көріп отырған жоқпыз», – деді министр.

Сүлейменова сонымен қатар НЗМ жүйесінде жинақталған тәжірибені басқа мектептерге кеңінен енгізу қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, сапалы білім тек іріктеуден өткен 12 мың оқушыға емес, барлық балаға қолжетімді болуы керек.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.