Әлем

Бір топ әскерилерді қырып тастаған сарбазға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Бір топ әскерилерді қырып тастаған сарбазға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
rbkomar/Getty Images

Мәскеу маңындағы Наро-Фоминск қаласында орналасқан әскери бөлімде болған атыс салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт сарбаз ауыр жараланған.

Басылым дерегінше, оқ атқан сарбаз ұсталған, оның қасына ешкімді жолатпай отыр. Алдын ала болжам бойынша, қақтығысқа әскердегі әлімжеттік қарым-қатынас себеп болуы мүмкін.

Бұл оқиға 17 қазан таңертең болған. Атыс кезінде екі адам қаза тауып, бесеуі жараланған, оның бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Жараланған сарбаздардың бірі анасымен байланысып, бөлімде атыс болғанын хабарлаған. Әйел дереу полиция мен жедел жәрдем шақыртқан. Ресми органдар әзірге Наро-Фоминскідегі әскери бөлімдегі төтенше жағдай туралы ресми пікір білдірген жоқ.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz