"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бір табын буйвол арыстанды қоршап алып, өлтірмекші болды – видео

Бір табын буйвол арыстанды қоршап алып, өлтірмекші болды – видео
Зәре-құты қалмаған жыртқышты өзге екі қаншыр құтқарып қалды

 Найроби ұлттық паркінде саяхаттап жүрген Ламак Шейх бір табын енекенің (буйвол) қаншырды тұйыққа тіреп, қоршап алған сәтін видеоға түсіріп алды.

56 жастағы куәгердің видеосы YouTube-гі танымал Caters Clips арнасында жарияланды.


Тұзаққа тап болған жыртқыш енекелердің шабуылынан қорқып төмпешікке шығып алған.

Қаншырдың зәре-құты қалмаған, алайда айқаса кетуге дайын тұрғаны байқалады. Шейхтің айтуынша, енекелердің мұндай үлкен табыны арыстанның әрекеті қауіпті деп санаса, оны оңай өлтіреді.

The Daily Mail басылымы жазғандай, жыртқышты өзге екі қаншыр құтқарып алған. Олар енекелердің назарын басқа жаққа аударып тұрғанда, қаншыр қашып құтылыпты.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Бауыржан