Әлеуметтік желі арқылы танымал болған дәрігер Жалғас Игембай жаңа жазбасын жариялап, ер азаматтарға кеңес берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол "бір сәттік құмарлыққа" әуес болып, кейіннен ауру жұқтырып, бірнеше жыл сонымен әуреге түсіп жүрген жандар туралы жазды.
"Ол мұның бәрі жай ғана өткінші әуестік деп ойлады. Құмарлыққа толы бір түн. Әлсіздіктің бірнеше минуты. Кездесуден бірнеше апта өткен соң мазасыз белгілер пайда болды: ұсақ бөртпе, әлсіздік, болмашы ауырсыну. Ол дәрігерге бармады, "өзі-ақ басылады" деп сенді.
Айлар өтті. Инфекция кетпеді. Керісінше, біртіндеп тереңдеп, жүйке жүйесіне әсер ете бастады. Бір сәтте алғашқы қауіпті белгілер анық байқалды: тепе-теңдігін жоғалта бастады, аяқ-қолында ұю мен әлсіздік сезілді, қатты бас аурулары мазалады. Диагноз: жүйке жүйесін зақымдаған кеш сатыдағы сифилис. Емдеу бұрынғы денсаулықты толық қалпына келтіре алмады. Бүгінде ол мүгедектер арбасымен қозғалады. Бір сәттік әлсіздік – өмірді мәңгілікке өзгертіп жібереді", – деп жазды Жалғас Игембай.