KZNews.kz
Шоу-бизнес

Бір миллиард қайда жоғалды: Астанада Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша тергеу аяқталды

Ілияс Тұрсынхан
фото: ulysmedia

Бүгін, 2 мамырда, Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты істегі соттық тергеу аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Процесс төрағалық етіп жатқан судья Қанат Тобагалиұлы тергеудің аяқталғанын жариялады. Енді тараптар жарыссөзге көшеді.

– Сот тергеуі аяқталды деп жариялаймын, – деді судья.

Бұрынғы вице-министрдің қорғаушылары тағы да қамауда отырған шенеунікті үйқамаққа ауыстыруды сұрады. Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Ілияс Тұрсынхан
Автордың басқа материалдары