6,6 млрд юань: Қазақстан "панда-облигация" нарығында рекорд орнатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бір донор - үш өмір: Астанада дәрігерлер құрмет дәлізіне жиналды

Бір донор - үш өмір: Астанада дәрігерлер құрмет дәлізіне жиналды
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің донорды ота жасау бөлмесіне шығарып салып жатқан әсерлі видеосын жариялады. Дәрігерлер "құрмет дәлізіне" тізіліп тұрып, өзге адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берген шешімі үшін донор мен оның отбасына үнсіз тағзым етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, осы түнде Астанада бір донор бірден үш пациентке өмір сүруге мүмкіндік сыйлаған. Донорлық процесс барысында жүрек, өкпе және бауыр алынды. Бұл ағзалар күту парағында тұрған пациенттерге трансплантациялауға арналған.

Мұндай әрбір оқиғаның артында мамандардың үлкен командасы - реаниматологтар, трансплантологтар, донорлық үйлестірушілер, санитарлық авиация қызметкерлері және басқа да медициналық қызметтердің жұмысы тұрғаны атап өтілді.

"Алайда ең алдымен, бұл – ең қиын сәтте отбасының қабылдаған шешімі. Денсаулық сақтау министрлігі донордың туыстарына көрсеткен батылдығы мен адамгершілігі үшін шынайы алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында екі отбасы бауыр мен бүйректі сәтті ауыстыру отасынан кейін бір күнде ауруханадан шыққан болатын. Бірінші жағдайда 22 жастағы ұлы анасына бауырының бір бөлігін беріп донор болса, екінші жағдайда анасы 20 жастағы ұлына бүйрегін берген.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.