Танымал әнші Бүркіт қоғамда жиі талқыланатын отбасы және көп әйел алу тақырыбына қатысты өз ойын білдірді, деп kznews.kz тілшісі ozgeris.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі бірнеше әйел алуды құптайтын көзқарасқа қарсы шығып, ер адам ең алдымен өз жанындағы әйелді бақытты ете білуі тиіс екенін айтты.
"Әуелі бір әйелді қарық қылып алыңдаршы. Бір әйелді бақытты ету – үлкен ерлік. Қазақтың санын көбейту туралы айтылатын әңгімелердің көбі – бос сөз. Баланың саны көп болғаннан пайда жоқ, егер оның тәрбиесі дұрыс болмаса. Ең бастысы – сапалы ұрпақ өсіру. Баламен таңнан кешке дейін бірге болып, оған көңіл бөлу, сабағын қарау керек", – деді әнші.
Әншінің бұл пікірін желі қолданушылары кеңінен қолдап, "шындықты айтты" деп баға берді. Көпшілігі оның сөзін қоғамдағы отбасылық құндылықтарды жаңғыртатын маңызды ой ретінде қабылдаған.